среда, 18 июля 2012 г.

Париждегі екінші күн. 15 шілде 2012 жыл.


    Париждегі 2-ші  күнді Эйфель мұнарасынан бастадық.   Эйфель мұнарасы 1889 жылы Революция күніне орай тұрғызылған. Mұнара тұтас жасалған. Биіктігі 300 м. Мұнараны     жасауға    8 000 000 кг- ға жуық темір жұмсалған екен. Әйгілі мұнара Париждың ғана емес, Франция елінің төлқұжаты десе де  болады. Мұнараға лифт немесе баспалдақтар арқылы көтерілуге болады.  

 Париждің символындай жарқыраған Эйфел мұнарасының ең биік шыңына шығып күллі әлемге көз тігер ме еді деп армандағанда боларсыздар?! 

Эйфел мұнарасының ең биігінен бүкіл Парижді жоғарыдан түп-түгел көріп тамашалауыңызға болады. 



    Эйфель мұнарасына кіру үшін төрт жағы бірдей ашық болғанымен 1-1,5 сағатқа дейін кезекке тұру керек.Кіру билеттің ең арзан бағасы 5 еyро. Ең қымбаты 11 еуро, яғни ең  жоғарғы жағы.  Күн сайын көз жетпейтін кезекте    тұратын адам   басына осынша ақшадан есептеп көрсеңіз, есебінен жаңылып кетесіз.  Бірақ, бұл жерде адамдар бір-бірін итеру дегенді мүлде көрген жоқпыз. Байқамай біреудің қолы тиіп кетіп жатса, бетіңе қарап жымиып кешірім сұрап жатқаны. 

     Адамдардың жүздері жарқын, қабақтары ашық, танымасаң да бетіне тiк қарап қалсаң амандасу ишарасын жасап бас изейді. Жоғары мәдениет, өз өмірлеріне деген ризашылық осы шығар деп ойлайсың )). Қала тек қана туристер есебінен күн көреді десем, ешбір қателеспеген болар едім. Қаламен танысу үшін туристерге қолайлы жағдай туғызылған. Туристер есебінен сан мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отырғанын анық байқалады.
   Париж - Франция елінің астанасы, армандар мен пәк сезімдер мекені деп жатады ғой.  Сена өзеніндегі көпірде  «махаббат құлыпы» (love lock) деп махаббаттарының беріктігіне  куә болсын деп ырымдап ілген,  самсап  тұрған құлыптарды  көрдік. Осы жерде  ынтыққан қос ғашықтың қаншама сыры мен мұңы қалды екен.
Нотр-Дам соборы. Францияның ғана емес, Еуропаның мақтанышы болып табылатын Нотр-Дам соборы сәулет өнерінің мұрасы.    Құрылысы орта ғасырларда басталған собор бір ғасырдай салынған екен.

Монмартр диірмені- XVІІІ ғасырда Монмартр көшелерінің бойында 30-ға жуық диірмен болған деп оқыдым. Қазір    соның екеуі ғана сақталыпты:   Радэ және Галет. Радэ диірменінде (Moulin Radet) шарап дайындау үшін жүзімдерді үгітуге пайдаланыпты. Екі диірменнің жанына баруға рұқсат жоқ екен. Тек сырттан бақылап қайтуға тура келді.


   Келесі тоқтағанымыз, 20 жылдық тарихы  бар  «Диснейлэ́нд» (Disneyland Paris) демалыс паркі  «Диснейлэ́нд»   паркі Парижден 32 км қашықтықта орналасқан. Парк  ayдaны 1943 га екен. Жылынa 12,5 млн  aдaм келeдi дейдi.
Оған  бару үшін  «Rar» деп аталатын  жылдамдығы жоғары  поездға отырып 45 минуттай жүрдік. Кіру құны таңғы 9-дан кешкі 11-ге дейін, 12 мың теңгедей болады. Фильм түсіретін, әткеншек, карусельмен ойнайтын т.б. орындары, бөлек-бөлек. Қызығы бір таусылар емес, кешкі 11-ға дейін 1 минут бос уақытың болмайды. Мұнда көбіне ата-аналар балаларымен бірге демалады екен. Біз болған күні Дисней арманы деген мультфильмдер кейіпкерлерінің шеруінің 1-ші күн көрсетілуі екен. Қазіргі  замандық техниканың жоғары деңгейінде жабдықталған парадты көрудің өзі бір керемет. Бала түгілі үлкендердің өзін елтіп әкетеді.






      Француздардың түймедей  нәрсені  түйедей етіп көрсететін, әлемде  мұндай жоқ деген пікірді қалыптастыруға бейім, өз елін соншалықты мақтан тұтатын, саяхатқа да лайықталған, содан пайда түсіріп отырған бірауыз, жоғары мәдениетті халықтардың отаны екенін байқайсыз
  «Диснейлэ́нд» паркінен қайтқанда, қалаға түнгі 00.45-те келсек, метро жабылып жатыр екен, амалсыз такси қызметін пайдалануымызға тура келді. Италиядада, Париждеде такси қызметі өте қымбат тұрады. Парижде 7 минуттық жерге 16 Евро ( 3000 теңгедей) төледік.  Қайда барсамда 500 теңгеден артық төлемей, Алматының такси қызметін қымбатсынушы едім ))).
    Париж  метроларынан ән салып, түрлі аспаптарда ойнап нанын айыратын адамдар көп па деп қалдым.




     Италияда да, Парижде де байқағаным,  не көп мұражайлар мен шіркеулер көп. Тарихтарын қастерлеп жас ұрпақты бала  күндерінен өз Отанын сүюге баулитынын байқайсың. Мұражайларды  тамашалауға балабақшада ес  біліп  қалған бір топ бүлдіршіндерін әкеліп, әлемде өз ғұламаларынан асқан дарынды жан жоқ деген пікірді айтып жатқанына да  куә  болған  кездерім  болды. Біздің елімізде де  сондай болса екен деп армандайсың.
     Париждің аты – Париж. Оны жер бетіндегі бірде-бір қаламен алмастыра да, шатастыра да алмайсың. Бірақ, ыңғайын тауып жағдай жасасақ қыр бойы да, сыр бойы да, тұнған тарихта, әр тауы мен биігі шежіреге толы жерлер біздің елдеде бар ғой. Еліміздегі тарихи орындарды саяхат орнына айналдырып, өзгеге мақтан ететін, өзі пайдасын көретін азаматтарымыз көптеп табылса екен деген тілегіміз бар.
     Ұзақ мерзімге  келсең, Гревен, Орсе және Пикассо мұражайларында, Келісім, Вандом және Бастилия алаңдарын, Гранд Опера Гарнье театры мен Пале Рояль сарайын, тіпті Париж катакомбалары мен Мулен Руж барін асықпай жүріп, тамашалап шығуға болар еді. Осылайша 2 күн үлгергенімізше Париждің талай тамаша және ең танымал жерлерін көруге тырыстық. Эйфел мұнарасының  түнгі көрінісін  көргім келіп еді. Екі күнде  жоспарымыз тығыз болғандықтан оның сәті түспеді. Қайта айналып келу үшін,  Эйфел мұнарасының түнгі көрінісін болашақта келетін сапарларға қалдырдым ))).

                  Саяхаттап жүрген Ақбота Жеңісқызы.


23 комментария:

  1. Pikirinizdi kaldira otirsaniz zhaksi bolar edi.Raxmet.

    ОтветитьУдалить
  2. калыныз калай? Озим Парижге барып-келгендей асер алдым. улкен рахмееееет сизге! Сапарыныз сатти болсын!Данара

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Raxmet Danara! Saganda alemnin en tandayli jerlerin koretindey mymkindikter bolyina tilektespin!

      Удалить
  3. "Француздардың түймедей нәрсені түйедей етіп көрсететін, әлемде мұндай жоқ деген пікірді қалыптастыруға бейім" - қазақтар ғана сонда ма деп жүрсем...бәрі сондай болса, біздікі де дұрыс екен ғой, солай болу керек деген пікірге келдім...
    мүмкін Астана өз ерекшелігі бар, мықты қалаға айналар, кім білсін :)
    Аселя

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Ymitsiz shaitan demekshi, ymitteneyik te )))

      Удалить
    2. Әлбетте! дамыған елдерден қалысқым келмит те просты )))

      Удалить
  4. Франсуздармен текетіресуге әлі ерте шығар, дегенмен коргенін білгенін елмен бөлісуге құмар, жаксы жетістіктерін елге ортақ деп санайтын осындай азаматтар мен азаматшаларымыз көп болса бір күні оған да жетерміз. Артыңдағы өсіп келе жатқан буынға улкен стимул, өзіңмен бірге саяхаттағандай болдық, тағы да жақсы жаңалықтар, көркем әңгімелер күтеміз, сапарың оң болсын!

    Динара Қ.Е.

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Ya, tenesy erte bolar, degenmen jasil-jelekke orap, bar narseni oksatip kou bizdinde koldan keler dep oilaymin. Koktemde egip, kyzde mal jep jatatin jerlerdi korgende ....Netine, tilegine kop raxmet! Balalarindi alip zhezdemiz ekeyin "Disneyland Parisde" zhyrmiz degen kynderge zhatkizsin!

      Удалить
  5. Салем, керемет асер алып калдым как будто я сам был там. Керемет екен куаныштымын, рахмет сапарына. Кайда журсенде аман бол, жолын АК болсын мен сенин омирлик досынмын.

    ОтветитьУдалить
  6. Акбота сапарын сатти болсын кушти екен, Парижге бармасакта сенин арканда корип отырмыз!!!

    ОтветитьУдалить
  7. Бота апай мен сизди мактан тутамын! Кайда журсениз де жолыныз болып сапарыныз сатти болсын! Сиздин саяхат мен билим алуды катар алып жургенинизди биреу билсе, биреу биле бермейди!Журген жеринизде КАЗАКСТАН атты керемет жер, керемет ел бар екенин колыныздан келгенше паш етип жургенинизге куманим жок! синилиниз жерлесиниз - АСЕМ САЛКЫНБАЕВА

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Kop raxmet Asem! Ozderindey artimnan ergen zhastarga alde bolsa stimyl bolsin degen nietimnin orindalip zhatkanina mende kyanishtimin!

      Удалить
  8. "Париж - Франция елінің астанасы, армандар мен пәк сезімдер мекені деп жатады ғой. Сена өзеніндегі көпірде «махаббат құлыпы» (love lock) деп махаббаттарының беріктігіне куә болсын деп ырымдап ілген, самсап тұрған құлыптарды көрдік. Осы жерде ынтыққан қос ғашықтың қаншама сыры мен мұңы қалды екен."
    Биздин Оскеменде де Ульба озенинин копиринде осындай кулып илип журген гашыктар. Бирак багана отип бара жатып карасам барин алып тастапты. Ешкимге богети жок зат кой карап отырсам. Мангилик ештеме жок кой, бирак Озим илмегениме куандым. АСЕМ САЛКЫНБАЕВА

    ОтветитьУдалить
  9. Бота коп-коп рахмет оте жаксы асер алдым ,асиресе тусирилимди жаксылап жазып ,жаксылап тусиндирудин ози шеберлик казактын кыздары улдары , осылай елге ар бир жаналык енгизип отырса биздин елдин оркендеуине жол ашамыз , кайда журсенизде аман болыныз !Бай куатты ел болайык! Аузымыз бир, уямыз бутин болсын! Ризашылыкпен Батырбек!!!

    ОтветитьУдалить
  10. Жарайсын Акбота! Билиммен де алемди аралауга болатынын тагы да бир далелдеп отырсын! Коптеген жастардын Сенен тагылым алатыны созсиз. Айнур Кыдырмолдина.

    ОтветитьУдалить
  11. Issa M.: «Парижді коріп олгеннін арманы жок» ("Увидеть Париж и умереть") деген соз тегін айтылмаган болар...

    ОтветитьУдалить
  12. Бота Женисовна сизе рахмет. кандай керемет. ак жол. сиздин жолынызды биздерге берсин амин.

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Sizgede raxmet. Esiminizdi kaldirmapsiz, stydentterimnin biri bolarsiz dep oilap otirmin. Sizdergede satti saparlar tileymin!

      Удалить
  13. Жарайсын Карындасым!!! Киндиктинин атын шыгара бер!!! сен нагыз патриотсын!!! Сендей карындасымыз болганына мактанамыз!!! Тек кана алга!!!

    ОтветитьУдалить
  14. Марат Бутеев6 января 2013 г. в 06:52

    КЕРЕМЕТ!!!!! Құдай бұйырса, әлемнің түкпір түкпірінен танымдық бағдарлама жасайтын үүллкеееннн тележүргізуші боласың. Титрына НАЙМАН КІНДІКТІ Жеңіс қызы Ақбота деп жазып.

    ОтветитьУдалить
  15. Ақбота апай біз сізді мақтан тұтамыз.Сіздей ұстаздан білім нәрін сусындап жургенімізге қуаныштымыз. Алдағы уақытта да ҚАЗАҚСТАН елін әлемге таныта беретініңізге сеніміміз мол. Сізге шығармашылық табыстар мен толағай жетістіктер тілейміз!!!!!!!!! КОб-11-1к студенттері

    ОтветитьУдалить
  16. Borgata Hotel Casino & Spa - Mapyro
    Find hotels near Borgata Hotel Casino 이천 출장마사지 & Spa in Atlantic 전주 출장안마 City, 안산 출장안마 NJ. Ocean Casino Resort - Ocean Casino Resort - 경산 출장안마 Ocean 구미 출장마사지 Casino Resort

    ОтветитьУдалить